«Қонақ үйлер клубының» отырысы өтті

0 Comments

2022 жылы 27 мамыр күні Алматы технологиялық университетінің базасында Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының «Қонақ үйлер клубының» кезекті отырысы өтті. КАГиР Кеңесінің мүшесі, «Қонақ үйлер клубының» төрағасы, «Тахар» қонақ үйінің директоры Филиппова Н.М. сөз сөйледі. Отырыста КАГиР-ге мүшелік туралы куәліктер табыс етілді, сондай-ақ Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің ағымдағы жағдайы талқыланды. Клуб қатысушылары қонақ үй бизнесі үшін мамандар даярлау мәселесі, қонақ үйлер тарапынан кадрларға деген қажеттілік туралы да сөз қозғады.

Отырысқа қатысушылар кадрлар даярлауға арналған АТУ өндірістік базасы бойынша экскурсия жасады. Қазақстандық қонақ үй және мейрамханалар қауымдастығы ресми хатпен 6В11102 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы оның ұсынымдарын ескере отырып әзірленгенін, ал оқыту нәтижелері қызмет көрсету саласындағы жұмыс берушілердің заманауи талаптарына сәйкес келетінін растады.