Бүгін ұстаздар, қызметкерлер және студенттер Руслан Нұрлыбаевпен кездесуі өтті

Алматы Технологиялық университетінде педагогтар, қызметкерлер мен студенттер конституциялық реформаны түсіндіруге арналған Алматы қаласының қоғам қайраткері Руслан Нұрлыбаевпен кездесуі өтті. Спикер Алдағы 5 маусымда өтетін қазақстандық референдумның маңыздылығын атап өтіп, Конституцияға енгізілетін негізгі түзетулерге қысқаша түсініктеме берді. Бұл түзетулер еліміздің Негізгі Заңы баптарының үштен бірін қамтиды. Олардың ішінде: бірқатар билікті қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін өзгерту, халықтың елді басқаруға қатысуын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау тетігін күшейту, Конституциялық сот құру.

Спикер әрбір қазақстандық өзінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, дауыс беруге қатысатынына сенім білдірді, өйткені жаңа Қазақстан, еліміздің болашағы осыған байланысты болады.

Өз кезегінде, залда отырған АТУ өкілдері жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау көрсетіп, бүкілхалықтық талқылауға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу соңында кездесуге қатысушылар қонаққа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.