Конституциялық реформа – уақыт талабы
Бүгін «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасымен бірлесіп «Конституциялық реформа – уақыт талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның модераторы «ҚХА» кафедрасының меңгерушісі Қодар Замза Мұташқызы болды.
Кездесуде әлеуметтану, тарих және философия саласындағы жетекші қызметкерлер ҚР Президенті ұсынған Конституциялық реформаның негізгі мәселелерін және елімізде жүргізіліп жатқан өзгерістердің маңыздылығын талқылады.