АТУ-да мәжілісмендермен кездесу

5 маусымда Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтеді. Бүгін АТУ-да Парламент Мәжілісінің депутаттары Ахметов М.А. пен Бисенбаев Е.С., сондай-ақ Алматы қаласының «Аманат» жастар қанаты өкілдерінің университет студенттерімен және оқытушыларымен кездесуі өтті.

Мәжілісмендер атап өткендей, еліміздің Негізгі Заңы баптарының үштен бір бөлігіне кең ауқымды мәселелерді қамтитын түзетулер енгізу көзделіп отыр. Депутаттар бүкілхалықтық талқылауға қандай түзетулер енгізілетінін қысқаша түсіндіріп, конституциялық реформаның тарихи маңыздылығы, азаматтардың конституциялық құқықтары туралы айтып берді.

Кездесу іскерлік жағдайда өтті.