«Жас Өркен-2022»
Бүгін АТУ-да биыл атудың 65 жылдығына орайластырылған «Жас Өркен – 2022» жас киім дизайнерлерінің 9-шы халықаралық байқауы өтті. Байқаудың тарихы 2002 жылдың 8 қазанында басталды. Байқаудың негізгі миссиясы-студент жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, дизайнерлердің кәсіби ортасын қалыптастыру, әлемдік сән индустриясының халықаралық ынтымақтастық аймағын құру.
Жас дизайнерлер бес номинация бойынша коллекциялар ұсынды. Көптеген ерекше және шығармашылық жұмыстар болды.
Нәтижесінде, байқаудың бас жүлдесі мен 200 мың теңгелік ақшалай сыйлыққа Қаныбек Сая ие болды.
Номинацияларда 1 орын алғандар:
- сreative art – Қадылхан Жұмахан және Жұматаев Әли
- preat-a-porte – Қали Дамир
- Профи – Каныбек Сая
- этно-фьюжн – Ищанова Диана
- арт-дизайн – Қалдыбек Камал
Жүлделі орындарға ие болған байқаудың барлық қатысушыларға ақшалай сыйлықтар берілді.
Жас сәнгерлердің жұмыстарын танымал қазылар алқасы бағалады. Құрамында:
- Аида Кауменова – әйгілі киім дизайнері, Aida Kaumenov Сән үйінің негізін қалаушы;
- Алдонгарова Ботагоз – журналист, «Ретро FM Қазақстан» радиосының бас редакторы, Kazakhstan Fashion Week PR-директоры, «UNITY Family Fest» отбасылық фестивалінің директоры;
- Мира Берген – стилист, блогер, аты аңызға айналған #СТИЛБЕРГЕН курсының авторы, жыл стилисті 2021 – Алексей Чжен – Alex Chzhen брендінің негізін қалаушы;
- Әлия Әбдімәжит – белгілі қазақстандық дизайнер, Aliya Abdimazhit collection брендінің негізін қалаушы.
- Омарханов Ербол Саметович – Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығының басшысы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты;
Қатысушыларға жаңа шығармашылық идеялар мен жеңістер тілейміз!







