29 сәуір күні еліміздегі алғашқы «Қазақстанның Эндаументтері» форумы өтті
2022 ж 29 сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде еліміздегі алғашқы «Қазақстанның Эндаументтері» форумы өтті.
Іс-шараға қазақстандық және шетелдік сарапшылар, мемлекеттік мекемелердің, білім беру ұйымдарының, қаржы компанияларының және кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері қатысты. Іс-шара барысында ММХҚИ, ҚазҰУ, АТУ, Ұлттық кардиохирургия орталығының «Жүрек орталығы», КАЗГЮУ, Назарбаев Университетінің «Әлеуметтік даму қоры» және т.б. өкілдері тұрақты даму, инвестиция және фандрейзинг мәселелері бойынша панельдік сессия өткізіп, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдардағы капиталды басқару бойынша мәселелерді талқыланды. Бірінші Эндаумент форумына қатысушылар университет аумағына 50 түп көшет отырғызып, байыпты бастама есте қаларлық оқиғаға айналды.