АТУ 2022 Халықаралық жазғы мектебі
Интернационалдандыру тетігін іске асыру, сондай-ақ академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында Алматы технологиялық университеті тамақ өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, экономика, бизнес, Қонақжайлылық және туризм индустриясы, инжиниринг және ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша білім алушылар мен жас оқытушылар үшін «АТУ-2022 халықаралық жазғы мектебі» өткізілетіні туралы хабарлайды.
Іс-шараның мақсаты – осы салалардағы инновациялық технологиялармен таныстыру. Халықаралық Жазғы мектептің қатысушылары қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде жоғарыда аталған салалардың жетекші өндірушілерінен практикалық дағдылар мен пайдалы мастер-класстарға ие болады.
Жазғы мектепті ұйымдастыруға дәрістік және практикалық сабақтарды өткізу үшін шетелдік дәріскерлер тартылды.
Жазғы мектептен өту кезеңі 2022 жылдың 30 мамырынан 03 маусымына дейін.
Халықаралық Жазғы мектептің барлық бағдарламалары:
Программа МЛШ 2022 ФЭиБ
Программа МЛШ 2022 ФПТ
Программа МЛШ 2022 ФИиИТ
Программа МЛШ 2022 ФДТТиО
Жазғы мектептің жұмыс тілі-ағылшын тілі (Pre-intermediate және одан жоғары деңгей).
Мектеп қорытындысы бойынша қатысушыларға Жас оқытушылар үшін 72 сағатқа сертификат, білім алушылар үшін ECTS-тен 2 кредит беріледі.
Қатысушыларды online режимде тіркеу сайтта ашық https://atu.edu.kz/registr 2022 жылғы 29 мамырға дейін
Қатысу құны 20 доллар USD құрайды. Төлем мынадай деректемелер бойынша қабылданады:
Алматы технологиялық университеті | РНН | 600700012258 | ||||
«Банк ЦентрКредит» АҚ Алматы қ. | БИК | KCJBKZKX | ||||
теңгенің есептік шоты | ИИК | KZ878560000000011134 | ||||
КБЕ | КБЕ | 17 | ||||
БИН | БИН | 990840000359 | ||||
расч.счет USD (дол) | ИИК | KZ878560000000517280 |
Толық ақпарат алу үшін халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық басқармасының қызметкерлеріне хабарласыңыз: +7 702 408 00 80, +7 778 700 04 19, mobilnostatu@gmail.com.