Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!

Құрметті, достар! Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Сіздерге бейбітшілік пен амандық тілейміз!🌷

Бұл мерекеге біздің студенттер ерекше челленджді ұйымдастырды. Әр ұлттың балалары бір-бірін өзіндік мәдениетімен таныстырды: ән айтып, би билеп, өлең оқыды.

Челленджді «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «DOSTYK» студенттік клубымен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл клуб университетте басқа елдерден келген студенттерді бейімдеу үшін құрылған.🌎

Оның есігі басқа халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен танысуға, сөйлесуге дайын барлық адамдар үшін ашық.