Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана
28 сәуірде АТУ-да «Құқықтық мәдениет қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың негізгі шарты ретінде» тақырыбында семинар өтті.
Оны АТУ Алмалы ауданының «Almaty Adaldyg Alany» жобалық кеңсесінің және «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының» Алматы филиалының өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырды. Семинар жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» жобасы аясында өткізілді.
Біздің университет еліміздің ең заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдістемелер мен процестер, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық менеджмент жүйесіне сәйкес енгізілетін жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Бұл туралы АТУ-дың бірінші проректоры Нұрахметов Б.Қ. өзінің кіріспе сөзінде айтты.
Семинардың модераторы «Жаңару» РҚБ Алматы қалалық филиалы Кеңесінің мүшесі Калимолдин М.М. болды. Спикерлер: Алматы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «Антикорр» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық штабының орынбасары Абдыхалықов К.С., ҚБТУ профессоры, ф. ғ. к. Камалиденова А.З. және Алмалы ауданы әкімі аппаратының азаматтық-құқықтық бөлімінің маманы Абдимомын Б.М.. Олар білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы, екі тарапқа пара мен сыйлықтар не әкелуі мүмкін екендігі туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері және ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Семинарға біздің университеттің қызметкерлері, ПОҚ және студенттері қатысты.