Жыл сайынғы «Ең көп оқитын кафедра»

Жыл сайынғы «Ең көп оқитын кафедра» байқауы біздің университетте дәстүрге айналды.

Ғылыми кітапхана қызметкерлері басшылыққа ағымдағы оқу жылындағы студенттер мен ПОҚ өтініштерінің нәтижелерін ұсынды және кеше Ғылыми кеңес отырысында АТУ-дың Ең белсенді кафедраларына салтанатты түрде сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді!

1 орын – «Бұйымдар мен тауарларды құрастыру технологиясы» кафедрасы, дизайн, тоқыма және киім технологиясы факультеті
2 орын – «Нан өнімдері және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» кафедрасы, тағамдық технологиялар факультеті
3 орын – «Тағамдық биотехнология» кафедрасы, тағамдық технологиялар факультеті.

Біздің жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта да оқырмандардың мәртебесін сақтауды тілейміз!!!