Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын магистранттар мен докторанттарға жиналыс өткізілді

21 сәуірде АТУ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасының бастамасы бойынша ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ білім беру кредиттерінің мониторингі және жас мамандарды жұмысқа орналастыру департаментінің менеджері Жанар Саметовна Ибраевамен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алатын магистратура және докторантура түлектері арасында кездесу өтті. Кездесуде міндетті 3 жылдық жұмыспен қамтуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ магистранттар мен докторанттарға өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берілді.