Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын бітіруші курс студенттеріне жиналыс өткізілді
22 сәуір 2022 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын бітіруші курс студенттері үшін ақпараттық-түсіндіру жиналысы өтті.
Модератор: Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Байболова Л. К.
Спикер: «Қаржы орталығы» АҚ менеджері Амангелдиев Әнуар Замирұлы
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Л. К. Байболова ашылу рәсімінде сөйледі.
Ол барлық бітіруші курс студенттерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысымен таныстырды: маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарының жұмысты өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе міндетін тоқтату қағидалары.
Ләззат Кемербекқызы бітіруші курс студенттерін «Қаржы орталығы» АҚ менеджері Амангелді Әнуар Замирұлымен таныстырды.
Бітіруші курс студенттері «Қаржы орталығы» АҚ менеджері Амангелдиев Әнуар Замирұлына сұрақтар қойды. Бітіруші студенттерді жұмыспен өтеудің қайда және қалай өтетіні, кім еңбекпен өтеуден босатылатыны туралы сұрақтарға жауаптар алу қызықтырды.
Әнуар Замирұлы олардың құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, қажет болған жағдайда бейнеконференция өткізуге дайын екенін хабарлады.