«ATU INN» оқу-қонақ үй кешенінің қабырғасында кофе сусындарынан мастер-класс өтті

21 сәуірде «ATU INN» оқу-қонақ үй кешенінің қабырғасында, Алматы технологиялық-экономикалық колледжінің 3 курс «Тағам өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығының студенттеріне кофе сусындарынан мастер-класс «Barista-Academy» кофе және бариста Академиясының, Bowler Coffee Roasters кофеханасының негізін қалаушы голландиялық маман Матайс Олаймен өтті. Қатысушылар эспрессо мен сүт қосылатын сусындардың айырмашылығын айқындап, эспрессо жасау өнерін үйренді.