АТУ-да «Тәуелділік түрлері және одан шығу жолдары» тақырыбында семинар өткізілді

Оған «Sоber Road» оңалту орталығының мамандары: психолог Байсафаров Б.М., психолог, оңалту нұсқаушысы Ибрагимов Р.С. және бағдарлама нұсқаушысы Абулгазин Ж.Т. қатысты. Олар студенттерге ауыр тәуелділік түрлері туралы айтып берді. Нашақорлық, алкоголизм, құмар ойындарға тәуелділіктің салдары қандай болады, оларды заманауи емдеу әдістері жайлы ақпаратпен таныстырды. Мамандар осы тәуелділіктердің алдын алу мен салауатты өмір салтына ынталандыруға назар аударды.

Кездесу пайдалы әрі нәтижелі болды.