Кафедра күні

2022 жылдың сәуір айының 14-шы жұлдызында Алматы Технологиялық университетінің 2Б-корпусының акт. залында «Жоғарғы математика және физика» кафедрасы мүшелері «Кафедра күні» мерекесін университет аясында ресми де, салтанатты түрде атап өтті. Мерекеге «Инжиниринг және ақпаратты технологиялар» факультетінің деканы Усупов С. С. және оқу ісі жөніндегі орынбасары Карабалаева Б.Г. қатысты.

Айтулы іс-шарада кафедра меңгерушісі Ж.М. Мырзагельдиева құттықтау сөз сөйлеп, математика және физика пәндері бойынша студенттер арасында өткен олимпиада жеңімпаздарын салтанатты түрде құттықтап, оларға дипломдар табыс етті.

Аталмыш шараның жоғары дәрежеде жүзеге асуына «Жоғарғы математика және физика» кафедрасының оқытушылары мен студенттері белсене атсалысты. Сонымен қатар, университетіміздің талантты да, талапты студенттері өз өнерлерін ортаға салып, бірі домбырада күй орындаса, енді бірі ән салып, би билеп көрерменнің көзайымына айналды. Кеш ұйымдастырушылары соңына қарай көрермендер арасында да қызықты ойындар ойнатып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар үлестірілді.