XIV Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі

Алматы технологиялық университетінде 2022 жылдың 14-15 сәуір аралығында ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында XIV Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі өтеді.

Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі төмендегідей білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асады:
✅ В068 – Азық-түлік өнімдерін өндіру
✅ В070 – Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар
✅ В093 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі үш тур арқылы өтеді: 1 – тур теориялық, 2 – тур тәжірибелік, 3 – тур ғылыми-зерттеу.