АТУ ғалымдарын марапаттау

Бүгін, 2022 жылдың 12 сәуірінде АТУ-да Ғылым күніне арналған Ректораттың салтанатты отырысы өтті.

Отырыста ректор Т. К. Кулажановтың атынан АТУ ғалымдарын марапаттау рәсімі өтті.

Құрмет грамоталарымен марапатталғандар қатарында тағамдық технологиялар ҒЗИ директоры, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ізтаев А.И., ЖМ ҒЗИ директорының орынбасары, PhD докторы Якиева М.А., тамақ қауіпсіздігі ҒЗИ директоры, PhD докторы Набиева Ж.С., профессор, т. ғ. к. Цой А.П. және АТУ жас ғалымдары – PhD докторы Пронина Ю.Г. және мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі саласындағы ғылым магистрі Чувашев С.Ю.

Сондай-ақ, стартап жобалар конкурсының жеңімпаздарына АТУ корпоративтік Эндаумент қорының гранттарын тағайындау туралы сертификаттар табыс етілді.

Өз құттықтауында Талғат Құлажанов ғылым мен инновацияны дамыту мәселелерінің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, барлық қатысушыларға университеттің ғылыми әлеуетіне өз үлесін қосуды тіледі.