Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2022-2023 оқу жылының бірінші семестріне «Вильнюс қолданбалы ғылымдар университетіне семестрлік оқуға» (Литва) конкурс

Құрметті студенттер!

Сіздерді академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2022 – 2023 оқу жылының бірінші семестріне «Вильнюс қолданбалы ғылымдар университетіне семестрлік оқуға» (Литва) конкурс өткізетіндігіміз туралы хабардар етеміз. Бағдарлама Литва ұлттық агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

– В2 және одан жоғары деңгейдегі литва немесе ағылшын тілін білу, мүмкіндігінше шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері (IELTS, TOEFL және т.б.) арқылы алынған сертификаттың болуы;

– Мотивациялық хатта көрсетіле отырып:

  • Осы бағдарламаны таңдау себептері;
  • Осы бағдарламаға қатысу мақсаты;
  • Таңдалған бағдарламаның болашақ мансабыңызға және жеке басыңыздың дамуына әсері.

Конкурсқа қатыса алады:

– 2-ші және 3-ші курс бакалавриатының білім алушылары.

Өтінімдер сілтеме бойынша немесе Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық басқармасында (НОҒ, 703 кабинет) 2022 жылғы 15 сәуірден кешіктірілмей қабылданады.