ҚР БҒМ Академиялық ұтқырлық шеңберінде «Шетелдегі семестр» бағдарламасы бойынша конкурс жариялаймыз
«Алматы технологиялық университеті» АҚ «Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу орындарының санын бөлу жоспарын бекіту туралы» ҚР Білім және Ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №116 бұйрығына сәйкес, академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде конкурсқа қатысуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың шетелде оқу үшін бос10 (он) орынға студенттер жинағын жариялайды (бакалавриат) 2022 – 2023 оқу жылының бірінші семестрінде уропа елдерінің серіктес университеттер базасында.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
- Академиялық үлгерімі бойынша деңгейі 3,5 және одан жоғары;
- Шет тілін В2 және одан жоғары деңгейде білу, мүмкіндігінше шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері (IELTS, TOEFL және т.б.) арқылы алынған сертификаттың болуы.
Конкурсқа қатыса алады:
- 2 және 3 курс студенттері (бакалавриат).
Өтінімдер 2022 жылғы 12 мамырдан кешіктірілмей Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық басқармасында (НОҒ, 703 кабинет) қабылданады.
Бағдарлама жабатын шығындардың түрлері:
– екі жаққа ұшу;
– тұру (жатақхана);
– медициналық сақтандыру;
– визалық қолдау.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізімі – Сілтеме бойынша өту
«АТУ» АҚ Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық басқармасы,
Негізгі оқу корпусы, 7 этаж, 703 каб.
mobilnostatu@gmail.com
+77272927716, ішкі. 189