АТУ студенттері – болашақ кәсіпкерлер!
2022 жылғы 17 наурызда «Бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары» атты баяндама тақырыбымен Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Насамбаев Әскербек Жалдыбайұлы «АТУ» АҚ студенттерімен кездесу өткізді.
Әскербек Жалдыбайұлы студенттерге несиелендіру механизмі, бизнес негіздеріне оқыту және грант алу мүмкіндігі туралы айтып берді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан қандай көмек алуға болатынын яғни бухгалтерлік, салықтық есеп, статистикалық есеп, құқықтық және маркетингтік мәселелер бойынша кеңестер туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Бұл қызметтер тегін онлайн немесе офлайн режимінде қолжетімді.
Шағын және орта бизнес біздің еліміздің әл-ауқатын арттырудың әлеуетті негізі болып табылатыны белгілі, сондықтан қазір кәсіпкерлікке жас, креативті, толық күш пен идеялы мамандарды тарту жалпы мемлекеттік міндет болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметтің қыр – сырын біліп, мемлекеттің ШОБ қолдау құралдары туралы ақпаратты меңгере отырып, ертең «АТУ» АҚ-ның Жас маман-түлектері өздерінің ең батыл жобаларын іске асыра алады. Алдымызда жаңа кездесулер күтіп тұрғанына сенімдіміз, Әскербек Жалдыбайұлы және Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасының бүкіл ұжымына алғысымызды білдіреміз және одан әрі табыс пен өркендеу тілейміз.