АТУ 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесін атап өтті

5 наурызда АТУ-да Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Кездесуді Ректор Құлажанов Талғат Құралбекұлы ашты, ол өзінің құттықтау сөзінде барлық әйелдерді мерекемен құттықтап, олардың университет пен жалпы қоғамның дамуындағы ерекше рөлін атап өтті.

Одан әрі АТУ ректоры атынан Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен, сондай-ақ Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алматы қалалық ұйымы басшылығының атынан алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.