«Тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасының күні

0 Comments

2021 жылдың 22 қазанында онлайн түрде «Тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасы Күні өтті. Іс-шараның мақсаты – кафедраның тарихымен және жетістіктерімен таныстыру, 1 курс студенттерін «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», «Тамақ өндірісі техникасы мен технологиясы» оқу траекториялары туралы ақпарат беру. Кафедра күні ZOOM платформасында кафедра оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен өтті.

Іс-шара барысында ТЖжӘС бойынша проректор Бисалиева Д.М., кафедра меңгерушісі Таева А.М., тәрбие ісі бойынша декан орынбасары Казангельдина Ж.Б., қауымдастырылған профессорлар Кененбай Ш.Ы. және Кузембаева Г.К., кафедра түлегі, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Жақсыбаева Е.Ж. студенттерге сәттілік пен оқуда табыс тіледі. Жоғары курс студенттері іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысты, сонымен қатар мерекелік және еркін қарым-қатынас атмосферасын құрды.