Исраил Сапарбайдың жыр кеші!

0 Comments

3 қараша күні АТУ Жастар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен ҚР мемлекеттік сыйлықтың иегері ақын, драматург, сазгер Исраил Сапарбаймен әдеби-сазды кездесу өтті. Кештің тізгіні Алматы технологиялық университеті жастар шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі Асқар Әкімбекте болды.

Кеш көрігін Тұмар би ансамблі «Хамажай» биімен, «Домбыра дастан» оркестрі «Ерке сылқым» күйімен кіргізді. Сахна төрінен орын алған Исраил Сапарбай ағамыз сұқбат бере отырып, студенттердің барлық сұрағына жауап беріп үлгерді. Сұқбат арасында Байраш Гүлсім Женісбекқызы «О құдірет , О өлең!», Ашил Диана ақынның «Жалғыздық» ақынның өлерңдерін нәшіне келтіріп оқып берді. «Қазақ қызы» атты әнін ATU music вокал үйірмесінің триосы орындады. Серімжанқызы Үміт ақынның «Елді сүю», Ишмуратова Қамар «АБАЙҒА АРНАУ» өлеңін оқыды. «Абай-Тоғжан» сахналық көрінісін Т.Жүргенов атындағы қазақ Ұлттық өнер академиясының студенттері қойып, көрерменді қуантты. Ақынның да алғысын алды. Темірбай Әселия «ЖЫЛ БАСЫ», Серімжанқызы Үміт ақынның «Ақкербез» атты әнін орындады. Данагүл мен Нұрлыбек ақынның сөзіне жазылған «Егіз лебіз» атты әнімен аяқтады. Кеш соңында жүргізуші Асқар Әкімбек түйіндеп, ақынға шапан жапты. Студенттер бала күннен өлеңін жаттап өскеннің ақын ағаларымен естелік суреттерге түсіп, қимай қоштасты. Өте тағылымды кеш өткізілді.