«Салауатты өмір салты. Дұрыс және рационалды тамақтану»
2021 жылдың 28 қазанда Алматы технологиялық университетінің «Тағам технологиялары» факультетінің «Тағамдық биотехнология» кафедрасының 1 курс БТ-21-11 тобының студенттері мен куратор-эдвайзер А.А. Нусуповтың ұйымдастырумен «Салауатты өмір салты. Дұрыс және рационалды тамақтану» атты ашық кураторлық сағаты өткізілді. Жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу мақсаты көзделді. Іс-шараға С.Асфендияров атындағы емхананың дәрігері Асирбекова А.Б., факультеттің профессорлық оқытушылық құрамы және студенттер шақырылды. Ашық сабақ барысында тақырыпқа байланысты ойындар ойнатылып, мақал-мәтелдер сайысы өткізілді.