Менің мамандығым – менің таңдауым!
2021 жылдың 12 қарашасында Алматы технологиялық университетінің «Тағам технологиялары» факультетінің «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасының аға куратор Р.А.Изтелиеваның басшылығымен «Менің мамандығым – менің таңдауым» тақырыбына арналған студенттер мен кураторлардың қатысуымен ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шараға кафедраның ПОҚ, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Казангельдина және факультеттің студенттері қатысты.
Сондай-ақ, 2012 жылғы «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының түлегі А.Магамарова қатысты, ол Мәскеу қаласының (РФ) сертификаттау орталығында жұмыс істейді. А.Магамарова онлайн режимде қатысып, барлығын кафедра күнімен құттықтады және барлық студенттерге әрдайым озат болуды тілеп, бұл мамандықтың маңыздылығын, мамандық барлық жерде сұранысқа ие екендігі туралы айтып өтті.
Кафедра меңгерушісі Р.У.Уажанова кафедра тарихын айтып берді. Бұл мамандық қалай ашылды және бүгінгі таңда қанша түлек түлеп ұшты, барлығын болашақ тәжірибе мен жұмысқа орналасу орындарымен таныстырды, бұл мамандықты таңдағандар келешекте дұрыс таңдау жасалғанына риза болатыны туралы айтып өтті. Кеш соңында студенттер өлеңдер оқып, ән салып, би билеп, кроссворд шешті. Іс-шара соңында белсенді қатысқан студенттер диплом және сыйлықтармен марапатталды.