АТУ ғалымдарына Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықты тапсыру 🏆

0 Comments

2022 жылдың 04 ақпанында марапаттау рәсімі 2021 жылғы ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар конкурсының қорытындысы бойынша өтті.

Байқау нәтижесі бойынша 6 атаулы сыйлықтың бірі – Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықты «Агроөндірістік кешеннің инновациялық технологиясы мен қайта өңдеу өндірісінің логистикасы» атты ғылыми еңбек жеңіп алды. Оның авторлары АТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Т.Қ.Құлажанов, ҚР ҰҒА академигі Ә.Ізтаев, ҚР ҰҒА академигі Ә.Сапарбаев.

Бұл қазақ ғылымына қосылған мол үлес жалғасын тауып, келешекте де биік белестерге жетелейтіні сөзсіз.

АТУ ұжымы ғалымдарын мәні зор ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтайды!