Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздіктің бастауы!

0 Comments

Алматы технологиялық университеті 6 желтоқсан 2021 жылы сағат 15:00 де АТУ-дың кіші залында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы, Ғылыми кітапхана және АТУ Жастар шығармашылық орталығымен бірлесіп «Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздіктің бастауы» тақырыбында желтоқсаншылармен кездесу өткізді. Кеш модераторы Қодар Зәмзә Мүтәшқызы – «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., РAE корреспондент мүшесі. Жүргізуші: Амангелді Мөлдір Асқарқызы – магистр, ҚХА кафедра методисті.

Кеш барысында Желтоқсан оқиғасына қатысушыларына арналған патриоттық видео-роликпен және ATU-music үйірмесінің студенті Дүйсебай Ырысдаулет «Желтоқсан» әнімен ашып берді.

Өткенімізсіз бүгін болмас еді. Өткеніміз – бүгінгі тәуелсіз еліміздің іргетасы.  Бұл кездесу кеші  1986 ж. 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады. Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік!

«Желтоқсан – 86, ызғарлы күн,
Қар мен мұз жылжығандай құздан бүгін,
Өттің де астан – кестең ойда жоқта
Артыңа ұмытылмас із қалдырдың» – дей отыра кіріспе сөз кезегі  ҚХА кафедра меңгерушісі Қодар Замза Муташқызына берілді.

Келесі сөз: Берлибаев Бақдаулет Турбекұлы Алматы энергетика және байланыс университеті  тарихи әлеуметтік пәндер білім беру кафедрасының профессоры, т.ғ.д;

Тақырыбы: Жаңа тарихи білімнің методологиясы және желтоқсан көтерілісі.

Келесі сөз кезегі: Шашаев Ауезхан Кадиржанұлы,  Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты. 7 томдық Қазақстан тарихы академиялық басылымы Үйлестіру орталығының директоры, т.ғ.к. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі Тәуелсіздіктің жаршысы тақырыбында өзінің әсерлі ойымен бөлісті.

Биыл ел егемендігінің 30 жылдығы және 1986 жылғы Желтоқсаға 35 жыл толып отыр. Осынау айтулы күнге байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Желтоқсаға қатысқан қадірлі қонақтарымызды университетімізге шақырған болатынбыз. Сол кісілерге сөз берілді.

– Бишуинов Мирболат Мырзатаевич – Ең жас аталған желтоқсаншы. Тәуелсіз журналист.
– Ергебаева Шара Бөлегенқызы. Қайсар Жүрек Қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Желтоқан көтерілісшілерін ақтаумен, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу жұмыстарын жүргізіп жүр.
– Раймбекова Шолпан Жанахметқызы. Іле ауданында тарих мұғалімі, Қазақстан патриоты, Алтын кітап медальдары иегері.
– Нурсейтова Гульшат Ертаевна – Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қыз ПУ түлегі.
– Жиенбаева Гулнар Үмбетқұлқызы – Желтоқсан оқиғасына қатысқан Абай атындағы Ұлттық университет студенті.

Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік төріңде.

Қазақстан жоғары Кеңесі 1991 жылы  16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.

Егемен елдің бақытты ұрпақтарына кездесу барысында туындаған сұрақтарға, жүрек жарды тілектерімен ой-пікірлерімен бөлісуге рұқсат етілді. Студенттер арасынан сұрақ емес тілектерімен бөлісті. Осындай әсерлі кешті ұйымдастыруға, студенттерімізге қызықты, тәлім-тәрбиелі іс-шараларды өткізуге қолдау көрсеткені үшін: АТУ басшылығына, 4 Факультет басшыларына, АТУ Қоғаммен байланыс бөліміне, АТУ ақпараттық технологиялар бөліміне, қатысқан студенттер мен Қадірлі қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз!

Қорытынды сөз Қодар Зәмзә Мүтәшқызы – «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедра меңгерушісіне берілді.

@atu_official YouTube каналынан көрермен саны 300 ге жуык болды. https://youtu.be/S3EfBD8n-Zc