Қазақ тіліндегі 100 жаңа кітап

0 Comments

25 қараша 2021 жыл «Қазақстан халқы Ассамблеясы», АТУ-дың Ғылыми кітапханасы, Алматы энергетика және байланыс университеті бірігіп, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа кітап»  атты дөңгелек үстел өткізді. Модератор: Қодар Зәмзә Мүтәшқызы – «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., РAE корреспондент мүшесі.

«100 жаңа кітап» туралы бейне-ролик көрсетілді. Бейне-роликте Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында алдағы уақытта қоғамның барлық саласында ауқымды жобалар мен реформаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар міндеттері баяндалды. Соның бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Бұл жоба аясында әлемнің үздік оқулықтары мемлекеттік тілге аударылып, қазақстандық оқырманға қолжетімді болды.

Кабдушев Болат Жоламанұлы – Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің доценті; Тақырыбы: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи білім беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесі.

Абрахматова Гульнара Абрайкуловна – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к.; Тақырыбы: «Әлеуметтік пәндер».

Төлекова Бақыт Тұрсағұлқызы – АТУ ғылыми кітапханасының директоры; Тақырыбы: «100 жаңа кітап».

Зайдулла Игі-Тілектес Асилханұлы – Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығының 2 курс студенті; Тақырыбы: «Төртінші индустриялық революция. Клаус Шваб».

Құрманғали Дулат Қайратұлы – Экономика және бизнес факультеті, 2 курс студенті; Тақырыбы:  «Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке».

Тілеулес Абдулуахаб – ККк-21-1.  Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің 1 курс студенті; Тақырыбы: «Философия туралы».

Сван Балнұр Қуандыққызы – Текстиль, дизаин және киім технологиялары факультеті, 2 курс студенті; Тақырыбы:  «Текстиль материалдарының жалпы технологоиясы».

Дәулетбек Қарлығаш – Текстиль, дизаин және киім технологиялары факультеті, 2 курс студенті; Тақырыбы:  «Тігін өндірісінің технологиялық негіздері».

Өткен жылда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша көптеген жұмыс атқарылды. Жалпыхалықтық талқылаудан кейін латын графикасындағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандарты жасақталып жатыр. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында алғашқы 18 кітап пен оқу құралы жарыққа шықты. Іс-шара барысында философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған осы кітаптар болатын. Мамандар жаңа оқулықтар еліміздегі гуманитарлық білім мен ғылымды дамудың жаңа белесіне көтеретінін, сонымен бірге, жоба аясындағы кешенді жұмыстар қазақстандық аударма ісінің дамуы мен түпнұсқа тілден қазақ тіліне тікелей ғылыми аударма мектебінің қалыптасуына айрықша ықпал етеді деп санайды.

Сонымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасынан келешекте жоғары деңгейдегі оң нәтиже күтіледі әрі оның жақсы мүмкіндік беретініне сеніміміз мол. Себебі, бұл бастама – қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеруге, Қазақстандық ғылымды әлемдік деңгейге жеткізуге бағытталып отыр.

Шара соңында конференцияның қорытындысы шығарылды. Бұл ретте де YouTube арнасында тікелей эфир болды.

Тікелей эфир: https://youtu.be/OLNPTzNmFwA