Menu Close

«Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасы

«Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасы 1967 жылы құрылған Алматы технологиялық университетінің «Арнайы технология» кафедрасының жалғастырушысы. Кафедра 1971 жылдан бері мамандарды даярлап шығаруда. Алғашқы бітірушілер астықты сақтау және қайта өңдеу саласының инженер-технолог мамандығын алған.

Кафедраны құрылған кезінен бастап әр жылдары, көрнекті оқытушылар мен ғалымдар басқарған: т.ғ.к., доцент Джумагулова Лаура Имангазиқызы, т.ғ.к., доцент Баярстанов Телеутек Жүсупұлы, т.ғ.к., доцент Идгеев Бахтыгали Қайырғалиұлы, т.ғ.к., АТУ профессоры Росляков Михаил Григорьевич, т.ғ.к., АТУ профессоры Байболов Кемербек Байболұлы, т.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Ізтаев Әуелбек, т.ғ.д., доцент Искакова Галия Қуандыққызы, қазіргі кезде т.ғ.д., доцент Жиенбаева Сауле Тұрғанқызы басқаруда.

«АӨжӨӨТ» кафедрасы еліміздің шынайы байлығы болып келетін жоғары кәсіби мамандарды дайындайтын бірден-бір кәсіби «шеберхана» болып отыр. Қазіргі кезде, түлектердің басым бөлігі, әйгілі саясаткерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер. Олардың ішінен атап айтқанда ҚР Президентінің кеңесшісі Самакова А.Б.; ҚР Президенті әкімшілігінің бас инспекторы, МҒА ЖМ академигі, т.ғ.д. Усембаева Ж.К.; ҚазТӨӨҒЗИ бас директоры, т.ғ.д., проф. Алимкулов Ж.С.; ҚР Ауылшаруашылық Министрлігі аппаратының басшысы Омаров Т.Е.; «Арарат» шарап зауытының бас директоры, проф. Мнацаканян Р.Г.; «Аксай тағамдары» АҚ президенті, т.ғ.к., доцент Идгеев Б.К.; «КазИнвестБанк» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы Каппаров Н.Д. және т.б.