Menu Close

«Тағамдық биотехнология» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі – Абжанова Шолпан Аманкелдыкызы
Техника ғылымдарының кандидаты, қауым. профессор
Тел.: 8 (727) 396-71-33 (ішкі. 120)
E-mail: sh.abzhanova@atu.kz;
sholpan-ab@mail.ru

«Тағамдық биотехнология» кафедрасы 1995 жылы құрылған. Құрылған күннен бастап кафедраға Қазақстанның көрнекті ғалымы, химия ғылымдарының докторы, профессор Ержанов Қазбек Бекмағанбетұлы және ғалымдарға арналған ҚР ҒылымжәнеБілім Министрлігінің мемлекеттік стипендиясының иегері, ҚР «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының корреспонденті Хожамуратова Светлана Шарафедденқызы жетекшілік жасаған.

«Тағамдық биотехнология» кафедрасы 6В05101 – «Биотехнология» мамандығы бойынша «Бакалавр-Магистр-PhD» 3 деңгейлік жүйе бойынша мамандарды дайындайды. Барлық 3 білім беру бағдарламасы БСҚА халықаралық тәуелсіздік агенттігінде аккредитацияны өтті . Соңғы 3 жылда ҚРоқу бағдарламасының бас рейтингінде «Биотехнология» мамандығы бакалавриат бойынша– 3, 1 және 2 орында, магистратура бойынша – 2 және 3 орында, докторантура бойынша — 1 орында.