Menu Close

Студенттердің өмірі

Студенттер жоғарғы оқу орнында ең алғашқы оқу күндерінен бастап жастар кеңесі үйірмесі арқылы қызықты қоғамдық әлем өміріне есік ашады, өздерін танытуға мүмкіндік алады, олар:

  • КТК командасы;
  • «Тұмар» би ансамблі;
  • Вокал студиясы;
  • «Домбыра – Дастан» домбыра оркестрі;
  • «Жастар» дебаттық клубы.

Біз түрлі байқауларда алғашқы орынды иеленеміз.

Университеттегі тәрбие жұмысының басты бағыттары: патриотизмді тәрбиелеу, әлеуметтік-саяси қызметті дамыту, азаматтық қатысу және көшбасшылық дағдыларын дамыту, рухани-адамгершілік тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, талантты жастарды қолдау.

Факультет аралық КТК

Тағам өндіріс факультетінің бірінші курс студенттерінің корпоративтік кеші

Қазіргі заман биіне арналған конкурс

АТУ Жігіт султаны – 2018 ж.

Қазіргі заман биіне арналған конкурс

Жетімдер мен қарттар үйіне бару

1. АТУ-нің Экология-16-2 тобының студенті Нодаров Мурат IV ашық қалалық Ж. Даукеев атындағы “Muzenergy” студенттер жастарының ән және поэтикалық шығармашылық фестиваліне қатысты. Нодаров Мурат қалалық фестивалінің ІІІ орын дипломына ие болды.

2. АТУ-нің Экология-16-2 тобының студенті Боровский Саид бодибилдинг бойынша Қазақстан Республикасының XXX-шы ашық кубогына қатысып, “Бодибилдинг 80 кг дейінгі” салмақта V орынды иеленді.