Menu Close

«Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасы

«Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының меңгерушісі – Дабылтаева Назым Есбергенқызы
Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
Тел.: 8 (727293-52-88) ( ішкі 162)
E-mail: nazym62@mail.ru

Туризм және сервистік қызмет көрсету кафедрасы университеттің негізгі оқу және ғылыми құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып экономика және бизнес факультетінің құрамына кіреді.

Кафедраның негізгі міндеттері – түлектерді басшылық қызметке, сыни тұрғыдан ойлауға, шешім қабылдауға және қоғамға үлес қосуға дайындау.

АТУ қонақ үй және мейрамхана бизнесінің арнайы кешенінің арқасында студенттердің барлық алған білімдерін тәжірибеде қолдануы болып табылады.

Осы білім мен тәжірибенің арқасында түлектер қонақүйлерде әкімші және шығармашылық кәсіпкер ретінде табысты мансапты құрады, мейрамханалар, курорттар, банкет және тамақтандыру қызметтері, әуе компаниялары,туристік агенттіктер, мәдени мұра объектілері және басқа салаларда.

АТУ университетіндегі «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының мүмкіндіктері:

  • HTMI институтымен (HTMI Switzerland – туризм және қонақжайлылық саласындағы беделді швейцариялық басқару институты.) және Плеханов (Ресей) университеттерімен бірге қос диплом алуы.
  • Студенттер төрт кәсіби салада мамандануы мүмкін: туризм, қонақжайлылық, қоғамдық тамақтандыру, іс-шараларды басқару.
  • Оқу тәжірибесі: өндірістік тәжірибе, қызметтік дайындық, студенттік клубтар, ғылыми-зерттеу жарыстары және т.б.

Кафедра оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар кафедра студенттер арасында ғылыми-зерттеу және оқу-ағарту жұмыстарын жүргізеді, жәнеде кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру курстарын өткізуге қатысады.

Кафедра 2007 жылы «Туризм» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында құрылған. 2009 жылы Қазақстанда алғаш рет «Мейрамхана ісі және қонақүй ісі» мамандығы бойынша жұмысқа қабылдау жүргізілді.

2010 жылдан бастап жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасына сәйкес 7М111 – Туризм, 7М111 – Мейрамхана ісі және қонақ үй ісі мамандықтары бойынша магистратура және 8D111 – Мейрамхана ісі және қонақ үй ісі мамандығы бойынша PhD докторантура жұмыс істейді.

Кафедра университеттің негізгі оқу және ғылыми бөлімшелерінің бірі, экономика және бизнес факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедраның негізгі мақсаты – тиісті мамандықтар бойынша бакалавр, магистр және докторлар даярлау, ғылыми-білім беру жұмыстарын жүзеге асыру.