Menu Close

«Тоқыма өндірісінің технологиясы» кафедрасы

“Тоқыма өндірісінің технологиясы” кафедрасы 1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Жалпы техникалық факультетінің негізінде құрылды. Кафедраның құрылуына жеңіл және тоқыма өнеркәсіп саласындағы алдыңғы қатарлы ғалымдар мен мамандар: т.ғ.д., профессор Досхожаев Досмұхамед Тілеуліұлы, профессор Вагнер Ионнарт Альбрехтович, профессорлар Хромцов Сергей Владимирович, Құтжанова Айкен Жұматайқызы, Худова Любовь Николаевна, доценттер Шкунова Любовь Владимировна, Козырев Виктор Александрович, Жақсыбаева Камшат Алпысбайқызы, Зингер Эмма Эдуардовна үлкен үлес қосты. Құрылған сәтінен бастап 2000 жылға дейін кафедраны т.ғ.к., профессор Хромцов Сергей Владимирович басқарды. 2000-2018 оқу жылдарында кафедраны т.ғ.к., профессор Құтжанова Айкен Жұматайқызы басқарды. 2018 жылы “Тоқыма өндірісінің технологиясы” кафедрасының меңгерушісі болып философия докторы PhD Джуринская Индира Михайловна тағайындалды.